Алматыда бірнеше миллион теңге айыппұл қарызы бар көліктер ұсталды

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматыда полиция жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша жүйелі жұмысын жалғастыруда. Соңғы 24 сағаттың ішінде жергілікті полиция қызметкерлері, иелері бірнеше рет айыппұл төлеуден жалтарған 6 көлікті ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, антирекордшы 5 миллион 500 мың теңгеден астам қарызы бар "Тойота" көлігі болды.

Тағы бір "Тойота Альфард" көлігінің 1 миллион 086 мың теңге қарызы бар.

"Жазаның бұлтартпастығы – жолдардағы тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі қағидасы. Азаматтар айыппұлдарды жүйелі түрде елемеу – көлікті ұстаудың бір жолы екенін түсінуі керек. Алдын алу жылында біз формальды емес, заңдылықты нақты сақтауға тұрақты түрде күш салып жатырмыз", – деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Барлық автокөліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізіліп, иелеріне көрсетілген мерзімде қарыздарын толық өтеу қажеттігі туралы ескертулер берілді.

Бұған дейін Алматы маңында қабаған иттердің 10 жасар баланы талап тастағаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео