Бес жасар қыз темір бөшкеге қысылып қалды: құтқарушылар бүлдершінге дереу көмекке келді

Сурет: telegram/qr_tjm
ТЖМ құтқарушылары құтыда қысылып қалған бес жасар қызға көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы ҚР ТЖМ-нің 2025 жылғы 7 шілдеде таратқан ақпаратынан белгілі болды. Оқиға Абай облысында орын алған.

"Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйдің ауласында ойнап жүрген бала алюминиден жасалған құтыға кіріп, шыға алмай қалды. Бұл жағдай оның ата-анасының көз алдында болған, олар өз күштерімен баланы шығара алмай, құтқарушылардан көмек сұрады",- делінген ақпаратта.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына келіп ТЖМ "Holmatro" гидравликалық жабдығының көмегімен темір бөшкенің қабырғаларын кесіп, қызды шығарып алып, ата-анасына тапсырды.

Бұған дейін Балқаш маңындағы тасжолда болған жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапқандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек