Алматы тұрғыны Астана әуежайында полиция қызметкерлерімен араздасып қалған

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының тұрғыны Астана әуежайында полицейлерді қорқытып, балағаттады деп сотқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 11 шілдеде Бас көлік прокуратурасы хабарлағандай, Елорда әуежайында рейстен қалып қойған Алматы қаласының тұрғыны өзін агрессивті ұстап, әуежайда қоғамдық тәртіпті қадағалап отырған полиция қызметкерлерінің талабына бағынудан бас тартқан.


"Тергеу анықтағандай, ер адам полиция қызметкерлерінің нұсқауларын елемей, олардың атына балағат сөздер айтып, денсаулығына зиян келтіремін деп ашық қорқытқан. Оның әрекеті мемлекеттік қызметкерлерге қарсы қылмыс ретінде сараланды", – делінген хабарламада.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 1 жыл 1 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Соттың үкімі заңды күшіне енді.

3 шілдеде әлеуметтік желіде Алматы әуежайынан полицейді көліктің капотына мінгізіп жіберген видео пайда болды.

Алматы
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды