Қарағандыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысының полицейлері әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға жедел әрекет етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрларда жас жігіттің көлік тізгінінде отырып, жол қозғалысы ережелерін елемей, өзін де, өзгелерді де қауіпке тіккен сәті түсірілген.

Құқық бұзушы көп ұзамай анықталды — ол Geely Coolray автокөлігін басқарған 19 жастағы Қарағанды тұрғыны болып шықты.

Жол ережесін өрескел бұзғаны үшін ол жауапқа тартылды. Қарағанды облысы полиция департаменті азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Жүргізуші болу – жауапкершілікті талап етеді. Рөлдегі бір сәттік салғырттық ауыр салдарға соқтыруы мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Гимнаст Эвелина Ежова Ташкенттегі Challenge Cup турнирінде топ жарды