"Жүргізуші куәлігін алып беремін": Оралда алаяқтық жасаған азамат ұсталды

Фото: Zakon.kz
Орал қалалық полиция басқармасы Шаған полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, өзін жүргізуші куәлігін жасап беремін деп таныстырып, қала тұрғындарын алдаған азамат ұсталды.

Ол Орал қаласының аумағында бірнеше азаматты алдап, олардың сеніміне кіріп, ақшаларын иемденген. Бүгінгі күні оның әрекетінен жапа шеккен 13 тұлға анықталды. Келтірілген жалпы шығын көлемі — 6 500 000 теңге құрайды.

Аталған азаматқа қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі таңда тергеу әркеттері жүргізілуде. Полиция азаматтарды сақ болуға және құжаттарды тек ресми жолмен рәсімдеуге шақырады.

Осындай әрекеттер туралы мәліметі болса полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды