Өскеменде полиция қызметкерлері зейнеткер әйелге балкон арқылы кіріп көмектесті

Фото: unsplash
Өскемен қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жедел әрі батыл әрекеттерінің арқасында қиын жағдайға тап болған зейнеткер әйелге дер кезінде көмек көрсетті.

Оқиға 22 шілде күні болған. Қызмет барысында патрульде жүрген полиция қызметкерлері Олжас Сабыров пен Даулет Асқарбеков көпқабатты үйдің маңында жиналған адамдар тобын байқап, мән-жайды анықтауға кіріскен.

Куәгерлердің айтуынша үшінші қабатта тұратын зейнеткер әйел үйінде құлап, өздігінен тұра алмай қалған. Пәтердің есігі ішінен бекітілгендіктен, туыстары мен көршілері оған көмек көрсете алмай, алаңдаулы күйде тұрған. Қауіпті жағдайда уақыт оздырмауды шешкен полиция қызметкері Даулет Асқарбеков екінші қабаттың балконы арқылы жоғары көтеріліп, пәтерге кірген.

Ол жерде қарт әйелге алғашқы көмек көрсетіліп, қажетті шаралар қабылданды. Полицейлердің уақтылы әрі үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында әйелдің өміріне төнген қауіп сейілді.

Оқиға куәгерлері түсірген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қоғам тарапынан жылы пікірлер мен алғысқа ие болды.

Полиция қиын сәтте бейжай қалмай, азаматтық жауапкершілік танытқан тұрғындарға ризашылығын білдіреді және полиция қызметкерлерінің күнделікті жұмысы тек қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес, адам өмірін қорғауға бағытталғанын атап өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы