Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақтікі болуы мүмкін қалдық бөлшектер табылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Отар елдімекені маңында байланыс үзілген ҚР Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағына қатысты оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығында жүргізілген ғарыштық мониторинг барысында Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің акваториясында майлы дақтың болуы мүмкін екендігі анықталды.


"ТЖМ құтқарушылар тобы шұғыл түрде аталған аймаққа шықты. Іздеу жұмыстары түнгі уақытта да жалғасты. Жұмыс барысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі болуы мүмкін әуе кемесінің фрагменттері табылды. Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары жұмыс істеуде. Арнайы жабдықтар пайдаланылуда: эхолоттар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және суасты дрондары". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 200-ге жуық адам, 40 бірлік техника, 15 су көлігі, 4 кинологиялық есептоп және 2 ТЖМ әуе кемесі тартылған.

Айта кетсек, 2025 жылдың 25 шілдесінде Алматы облысында Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің ЕС-145 тікұшағы жоспарлы ұшу кезінде радардан жоғалып кетті.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі