Полицейлер астаналық әйелден жарты келіден астам гашиш тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Астана қаласының полицейлері 57 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Ол есірткі заттарын сақтады деген күдікке ілінді. Белгілі болғандай, әйел көпқабатты үйдің кіреберісінде ұсталған.

Пәтерді тінту барысында, ол тұратын жатын бөлмеден жедел уәкілдер өсімдік тектес зат салынған 11 орама салынған пакет, ал дәлізден осыған ұқсас зат салынған 6 түйіншек тапқан.

Аталған заттардың жалпы салмағы 800 грамнан асады. Өткізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Астана қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан гашиш есірткі затын тәркіледі.

Сараптама нәтижесінде бұл заттың есірткі екені дәлелденді. Аталған азаматша өз кінәсін мойындап, есірткіні жеке тұтыну үшін сақтағанын айтқан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға есірткі заттарымен жасалған кез келген әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын қатаң ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады