Алматыда полиция зейнеткерлерден ақша ұрлаған күдіктілерді ұстады

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері зейнет жасындағы азаматтардың пәтерлерінен ұрлық жасағаны үшін күдікке ілінген екі әйелді ұстады.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер әртүрлі сылтаумен зейнеткерлердің үйлеріне кірген. Бір оқиғада олар өздерін кітап таратушылар ретінде таныстырған.

Пәтерге кірген соң, үй иесін су алып келуді сұрау сияқты сылтаумен алаңдатып, сол сәтте зейнеткердің жиғандарын ұрлаған.

Осындай оқиғалардың бірінде олар 4 миллион теңге көлеміндегі ақшаны қолды еткен. Күдіктілердің екеуі де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта олардың қалада жасалған басқа да осыған ұқсас деректерге қатысы бар-жоғы тексерілуде.

"Зейнет жасындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің профилактикалық жұмысымыздың басым бағыттарының бірі екенін ерекше атап өткім келеді. Азаматтарды сақ болуға, бөгде адамдарды үйлеріне кіргізбеуге және күмән тудыратын жағдайларда бірден полицияға хабарласуға шақырамыз", – деді, Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Мендебаев.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты