"Жағдай тұрақты". Желіде тараған ақпаратқа қатысты Энергетика министрлігі ресми мәлімдеме жасады

Сурет: gov.kz
Кейбір әлеуметтік желілерде "елдің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясын шектеуге дайындық жүргізіліп жатыр" деп тарап жатқан ақпаратқа ешқандай негіз жоқ. ҚР Энергетика министрлігі бүгін, 18 тамызда осындай ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.

"Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы тұтынушыларды электрмен жабдықтау жағдайы толықтай тұрақты деп бағаланады. Электр энергиясын жеткізу қалыпты режимде жүзеге асырылып, халықтың да, өнеркәсіптік кәсіпорындардың да барлық қажеттіліктерін толық қамтып отыр. Елдің бірыңғай электр энергетикалық жүйесі ешқандай ақаусыз жұмыс істеуде".  ҚР Энергетика министрлігі

Энергетика министрлігі республика бойынша электр энергиясын өндіру мен тұтыну теңгерімін тұрақты бақылауда ұстап отырғандарын нақтылайды. Барлық өндіретін және жеткізуші компаниялар бекітілген кестелер аясында жұмыс істеп, энергожүйенің сенімділігін қамтамасыз етуде.

"Осыған байланысты Энергетика министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарына, блогерлерге және онлайн-қоғамдастықтардың әкімшілеріне ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауға, фактілерді мұқият тексеруге және азаматтарды жаңылыстырмау үшін тек ресми деректерді пайдалануға шақырады", делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, 2025 жылы 19 маусымда Алматы қаласы мен Алматы облысында электр қуаты уақытша сөндірілгені белгілі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзі: толық мәтін

Тоқаев Иордания короліне құттықтау жеделхатын жолдады