Алматыдағы қарақшылық шабуыл: түн ортасында үйге басып кіріп, ер адамды жарақаттап, тонап кеткен

Сурет: polisia.kz
Алматыда түн ортасында қала тұрғынының отбасына жасалған қарақшылық шабуыл полицияның жедел әрекетінің арқасында ізі суымай әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство дерегінше, сағат түнгі екілер шамасында екі белгісіз адам ерлі-зайыптылардың үйіне заңсыз кіріп, күш қолдана отырып, ақша мен бағалы заттарды талап еткен. Олар аздаған қаржы мен алтын әшекейлерді иемденіп, үй иесіне ауыр дене жарақаттарын салған. Жарақат алған азамат дереу ауруханаға жеткізілді, қазіргі жағдайы ауыр.

Полиция қызметкерлері оқиға орны бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдіктілерді анықтап, ұстады. Тергеу барысында олардың бұрын да қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Ұсталғандардан қылмысқа қатыстылығын айғақтайтын заттар тәркіленді. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынды.

"Біз дереу қылмысты ашу және күдіктілерді анықтау жұмыстарын бастадық. Полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, дәлелдемелер жиналды. Мұндай қылмыстар қоғамға айрықша қауіп төндіреді, сондықтан әрбір осындай жағдайға қатаң шара қолданылады. Кінәлілер заң аясында жазасын алады. Сонымен бірге күш қолдану арқылы жасалған қарақшылық үшін қылмыстық заңнамада өте қатаң жаза көзделгенін ескертемін", – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

Бұған дейін Алматыда өрт кезінде 78 жастағы кейуана зардап шеккендігін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды