ҰҚК-нің жаңа қызметі жемқорлықпен күресті қарқынды бастады

Сурет: gov.kz
2025 жылғы 2 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитеті биылғы жазда құрылып, жұмысын бастаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің (СЖҚҚ) алғашқы нәтижелері туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес шеңберінде ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тамыз айында ҚР Қылмыстық кодексінің келесі:

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 4;

- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) – 1;

- 366-бап (пара алу) – 17;

- 367-бап (пара беру) – 18;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 3;

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 4;

- 190-бап (алаяқтық) – 2;

- 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) – 1;

- 433-бап (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) – 1 баптары бойынша сараланатын 51 құқық бұзушылық фактісін тіркеді.

Сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің:

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) – 9;

- 190-бап (алаяқтық) – 6;

- 366-бап – (пара алу) – 6;

- 367-бап (пара беру) – 5;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) – 2;

- 365-бап (заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау) – 1 баптары бойынша 29 қылмыстық іс жіберілді.

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 730 мың теңге сомасында сыйақы берілді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі 2025 жылғы 4 тамызда СЖҚҚ Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрінің пара алды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді