Zakon.kz тілшісі жағдайға байланысты түсініктеме алу үшін Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді. Ведомствоның мәліметінше, оқиға Алмалы ауданында тіркелген.
Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Күдікті ұсталды" – деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, іс бойынша барлық мән-жайларды анықтау және кінәліні жауапқа тарту мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатқаны айтылды.
Өкінішке қарай, самокатшыларға байланысты жағдайлар жиі қайталануда. Мәселен, 2 қыркүйекте Алматыда екі жасөспірім самокатпен келе жатып, арбадағы сәбиге соқтығысқан. Абырой болғанда, бала зардап шеккен жоқ.
Ал 9 қыркүйекте қала полициясы жолдардағы электросамокаттарға қатысты жағдайға есеп берді.
Масштабты рейд барысында тәулігіне самокат қолданушылар тарапынан 800-ден астам (жыл басынан бері 16 мыңнан астам) жол қозғалысы ережесін бұзу фактілері анықталған, оның ішінде:
- 489 – қозғалысқа қатысушыларға қойылатын талаптарды сақтамау (ҚР ӘҚБтК 620-бабы);
- 237 – жаяу жүргіншілер мен өзге де қатысушылар тарапынан ереже бұзушылық (ҚР ӘҚБтК 615-бабы);
- 11 – ата-аналардың балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын орындамауы (ҚР ӘҚБтК 127-бабы);
- 47 – абаттандыру ережелерін бұзу (ҚР ӘҚБтК 505-бабы);
- 23 – қоғамдық орындарды ластау (ҚР ӘҚБтК 434-2-бабы).
Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауында заңнамалық өзгерістердің электросамокат мәселесін шеше алмағанын, қазақстандықтардың әлі де қауіпке ұшырайтынын айтқан болатын.