Ташкентте анасының қолынан 7 жастағы қыз қаза тапты

Сурет: pixabay
2022 жылдың қаңтарында Ташкент қаласының тұрғыны туған қызын аюдың вольеріне тастаған болатын. Ол кезде қыз тірі қалған, ал анасы мәжбүрлі емдеуге жіберілген еді. Алайда дәрігерлердің көмегі нәтиже бермеген сыңайлы. 2025 жылдың қыркүйегінде әйел қызын өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Gazeta.uz дерегінше, әйел қызын ас үй пышағымен бірнеше рет жарақаттаған. 7 жастағы бала оқиға орнында қаза тапты.

Биыл тамыз айында әйел психоневрологиялық диспансерден амбулаториялық бақылаумен шығарылған. Оның жағдайын бақылаған мамандар әйелдің сауығып келе жатқанын айтқан.

Бұл оқиғаға байланысты Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің "Қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша іс қозғағанын мәлімдеді. Ұсталған әйелдің тағы бір баласы – ұлы бар екені белгілі.

Айта кетейік, 2025 жылдың 26 шілдесінде Өзбекстанның Самарқанд облысында 34 жастағы әнші, Zeboyi Jahon сахналық есімімен танымал Зебинисо Носирова қаза тапқан еді.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды