Өскеменде үй жағдайында қарасора өсіру фактісі әшкереленді

Сурет: polisia.kz
Өскеменде облыс прокуратурасының үйлестіруімен полицейлер "Қарасора" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында үй жағдайында есірткілік өсімдіктерді заңсыз өсіру дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ мәліметінше, тінту кезінде 58 жастағы Өскемен тұрғынының үйінен жарықтандыру және желдету жүйесі орнатылған арнайы "гроубокс", сондай-ақ ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдіктері бар ыдыстар табылды.

"Сараптама қорытындысы олардың құрамында психоактивті компонент – дельта-9-тетрагидроканнабинолы бар қарасора екенін растады",- делінген ақпаратта.

Тәркіленген заттың жалпы салмағы 570,55 граммды құрады.

Күдікті тұқымды интернет арқылы сатып алғанын және өсімдікті жеке тұтыну үшін еккенін түсіндірді.

"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егу) бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Бұған дейін Қостанай облысында 54 тонна бидай ұрлығын әшкереленгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Мобильді аударымдарды тексеру: салық органдары қазақстандықтардың алаңдаушылығына жауап берді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді