Алматы облысында алимент төлемегендерге қатаң шара қолданылды

Фото: pixabay
Алматы облысының бірнеше тұрғыны балаларына алимент төлемегені үшін қылмыстық жазаға тартылып, қымбат мүлкінен айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір прокуратурасының мәліметінше, 2025 жылдың сегіз айында алимент бойынша берешек 3,5 млрд теңгеге өтелген.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (балаларды күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу міндеттерін орындамау) бойынша 50 қаскөй борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 33-і нақты сотталды, ал 17 іс бойынша қарыз ерікті түрде өтелгендіктен іс жүргізу тоқтатылды", – делінген қадағалау органының 19 қыркүйектегі хабарламасында.

Мысалы, 2,1 млн теңге қарызы бар ер адам екі жылдан астам уақыт алимент төлемегені үшін бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Тағы бір борышкердің төрт жылжымайтын мүлкі (жер учаскелері мен үйлері) тәркіленді.


"Борышкердің 5 млн теңге қарызын ескере отырып, сот орындаушысы Еңбекшіқазақ ауданындағы 100 шаршы метрлік тұрғын үйді өндіріп алды", – деп нақтылады прокуратура.

Сонымен қатар прокуратура бастамасымен 169 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 108-і бес тәулікке дейін қамауға алынды.

Айта кетейік, бұған дейін Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы 2025 жылдың алғашқы жартысында алимент төлемеу істері бойынша 18 млрд теңгеден астам қаражат өндірілгенін хабарлаған еді.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты