1414-тен келген код пен жалған кредит: Ақтөбеде азамат қомақты қаржысынан айырылды

Фото: freepik
Ақтөбеде ер адам телефон алаяқтарының құрбаны болып, 2 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz. Бұл туралы 2025 жылғы 25 қыркүйекте Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Полицияның айтуынша, алдымен бейтаныс адамдар өзін "Энергожүйе" компаниясының қызметкерлері ретінде таныстырып, жоспарлы есептегішті ауыстыру сылтауымен азаматтан 1414 нөмірінен келген СМС-кодты айтуын сұраған. Сенгіш тұрғын олардың талабын орындап, алаяқтарға алданғанын білмей қалған.

Біршама уақыттан кейін оған өзін банк қызметкерімін деп таныстырған тағы бір қоңырау түскен. Алаяқ азаматтың атына несие рәсімделіп жатқанын айтып, қылмыстың алдын алу үшін "айна" кредит алып, ақшаны "қауіпсіз шотқа" аударуды талап еткен. Зиянкеске сенген тұрғын онлайн-заем рәсімдеп, көрсетілген реквизиттерге қаржысын жіберген.

Кейін ол алаяқтардың арбауына түскенін түсініп, полицияға жүгінді. Келтірілген шығын – 2 млн теңгеден астам.

Полиция ескертеді:

"Егер сіз немесе жақындарыңыз алаяқтықтың құрбаны болсаңыздар, дереу полицияға немесе 102 нөміріне хабарласыңыздар. Қырағы болыңыздар! Бұл схемалар туралы жасы үлкен туыстарыңызға айтыңыздар – бірге ғана алаяқтарға қарсы тұра аламыз", – деп үн қатты полиция.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды