Желідегі видео: Жетісу облысында мектеп асханасындағы масқара жайтқа қатысты түсініктеме берілді

Сурет: Zakon.kz
27 қыркүйекте Көксу аудандық білім бөлімінің басшысы Қуат Күзбаев мектеп асханасындағы құрттаған самса оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде құрттаған самсаның видеосы тарады. Оның сипаттамасында бұл Көксу ауданы, Балпық би ауылындағы Медеубай Құрманов атындағы №2 мектеп асханасы екені көрсетілген. Видео астына пікір қалдырушылар бұл видеоны оқушылардың өзі түсіргенін жазған.

Аталған видео желіде тез тарап, қоғамның ашуын туғызды. Бұл жайтты Көксу аудандық білім бөлімі де назардан тыс қалдыра алмады. Видео астындағы жазбаларда аталған оқиғаның қазақстандық мектеппен байланысы жоқтығы айтылғанымен, аудандық білім бөлімі бұл фактіні тексеретіндерін растады.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша бөлім басшысы Қуат Күзбаев түсініктеме берді.

"Қазіргі уақытта желіде көрсетілген факт бойынша мектеп ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бақылау іс-шараларын өткізу үшін білім бөлімі ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хат жолдады. Бақылау іс- шараларының қорытындысы бойынша мектеп асханасын жалға алушыға қатысты ҚР Заңына сәйкес шаралар қабылданады", - деді Қуат Күзбаев.

Аудандық білім бөлімінің басшысы жүргізілген тексеру қорытындысы кейін қосымша ақпарат ұсынатынын да айта кетті. 

Бұған дейін қазақстандық мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашыла бастағанын жазғанбыз.  

Қазақстан
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Алматыда қаза тапқан полиция қызметкері жеті баланың әкесі болған