Автоматтар мен мыңдаған оқ-дәрі: Қазақстанда ҰҚК 12 өңірде арнайы операция жүргізді

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстанның екі қаласы мен 10 облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркілеуге бағытталған арнайы операциялар өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, жедел-іздестіру іс-шаралары 2025 жылғы қыркүйек айында Алматы және Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында жүргізілген.

ҰҚК-нің баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 62 бірлік қару тәркіленді.

Оның ішінде:

Сонымен қатар, 2022 жылғы қаңтар оқиғасында ұрланған 10 қару анықталды.

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

"Аталған деректер бойынша тергеу-жедел шаралары жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", – деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі де ауқымды операция өткізгенін хабарлаған болатын. Бірнеше күн ішінде Қазақстанда 80 тонна улы зат пен жүздеген мың тыйым салынған таблетка тәркіленді.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды