Мемлекет басшысы Жаслан Мәдиевті қабылдады

Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған вице-премьер – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде ұлттық цифрлық инфрақұрылымды одан әрі өркендету, экономика мен әлеуметтік саланың негізгі бағыттарына жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ азаматтар мен бизнес үшін мемлекеттік цифрлық қызмет көрсетудің сапасын арттыру жөнінде тапсырма берді.

Президент ЖИ мен цифрлық технологиялар бойынша еңбек ететін білікті мамандар даярлау мәселесіне баса назар аударды. Мемлекет басшысы жоғары технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретіндегі орнын нығайту қажеттігін атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасарына Жолдауда белгіленген Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі басым мақсаттарды нақты іске асыру жүктелді.

Молния
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Алматыда ер адам бірге ішімдік ішкен танысын пышақтап кетті