Алматы облысында 58 келіден астам марихуана тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы облысында "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесіп, есірткінің ірі заңсыз тасымал арнасын анықтады.

"Алматы – Бішкек" автожолының 58-шақырымында облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Жамбыл ауданы полиция басқармасының және патрульдік полиция батальонының күшімен Toyota Camry автокөлігі тоқтатылды.

Көлікті тексеру кезінде жүксалғышынан қара полиэтилен қаптарға оралған үш полимер қап табылды. Оның ішінен ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат шықты.

Сараптама қорытындысы бойынша бұл – кептірілген марихуана екені анықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 58 келі 560 граммды құрады.

Аталған дерек бойынша есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 55 жастағы күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкцияланып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, есірткіні заңсыз сақтау, тасымалдау және тарату ауыр қылмыс болып саналады және қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Есірткі қылмысына қарсы күрес – полиция қызметінің басты бағыттарының бірі, сондықтан мұндай деректерге тосқауыл әрдайым қатаң қойылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады