Қарағандыда екі адам кәріз құбырын төсеу кезінде топырақ астында қалып, көз жұмды

Фото: Zakon.kz
Қарағандыда кәріз құбырын төсеу кезінде екі адам мерт болды. Төрт метр тереңде жүрген жұмысшыларды топырақ басып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK телеарнасының мәліметіне сүйенсек, қайғылы жағдай кәріз коллекторын жөндеу кезінде болды. Бригадада жеті адам жұмыс істепті. Екеуі терең қазылған шұңқыр ішінде болған. Олар ауыстырылған құдыққа жаңа құбырды жалғап жүргенде топырақ опырылып кетіп, жұмысшыларды басып қалған. Мұны көре сала, жер үстіндегілер жабылып жүріп қазғанымен, жұмысшыларды аман алып қалу мүмкін болмады. Марқұмның бірі 41 жаста, екіншісі 18-ге жаңа толған жігіт. Жұмысқа тапсырысты берген — "Қарағанды су" компаниясы. Ал тендер ұтып алған компанияда олар тіркелмепті. Барлығы жалдамалы жұмысшылар.

"ҚР ҚК 277-бабы, 3-тамағына сәйкес, екі адамның өліміне алып келген тау кен немесе құрылыс жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды".Бақытжан Құдияров, Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы

Бұған дейін Ақтөбе облысында тұрғыннан ақша бопсалап келген күдіктілер ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды