СҚО-да қалың қамыс арасында қалып кеткен шопан дронның көмегімен табылды

Сурет: видеодан алынды
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Қозашар ауылының маңында 1993 жылғы ер адам жылқысымен қалың қамыс арасында қалып кетіп, өздігінен ашық алаңға шыға алмаған. Қиындыққа тап болған оған құтқарушылар көмекке келіп жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар жоғары технологиялы ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланып, адам аяғы жетуі қиын жерлерді зерттеді. Көп ұзамай олар шопан мен оның жылқысын көл жағасынан екі шақырым жерден байқады.


"Абырой болғанда, шопан зардап шекпеген. Ол жылқысымен бірге қауіпсіз жерге шығарылды", делінген хабарламада.

Бұған дейін "Қазәуеқұтқару" тікұшағы санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге медициналық көмек аса қажет 2017 жылы туған баланы Атбасар қаласынан облыс орталығы – Көкшетауға шұғыл жеткізгені хабарланған. 

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін