ШҚО-дағы көктайғақ: құтқарушылар жол бойында тайғанақтап жүре алмаған үш көлікке көмек көрсетті

Сурет: видеодан алынды
2025 жылы 5 қазанда түнде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында құтқарушылар көктайғақ салдарынан жол бойында тұрып қалған үш автокөлікке көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ қызметкерлері үш автокөлікті көктайғақ емес бетке сүйреп шығарды.

"Жеті адам болған автокөліктерді құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен таза жолға сүйреп шығарды. Сонымен қатар ішінде бір нәрестесі бар төрт адам жақын елдімекенге  жеткізілді. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

Айта кетсек, күні кеше Абай облысында алғашқы қар түсті. 

ТЖМ қыс мезгіліне  өз автокөлігіңізді жабдықтау қажеттілігін еске салады. Ауа температурасының төмендеуі мен жауын-шашынның түсуіне байланысты өңірдегі жол-көлік жағдайы күрт қиындады: қар аралас жаңбыр жауып, қатты жел тұрып, жолда көктайғақ белең алған.

Абай облысының полиция департаменті жүргізушілерге мынадай сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді:

Бұл қарапайым ережелер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, өмір мен денсаулықты сақтауға көмектеседі.

Бұған дейін СҚО-да қалың қамыс арасында қалып кеткен шопан дронның көмегімен табылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін