Ақтөбе облысында көңілдесіне қол көтерген әкім жауапқа тартылды

Фото: Zakon.kz
Кабинетте көңілдесін ұрған Қандыағаш әкімі айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпарына сүйенсек, енді жұдырығы жуан Қазыбек Аққайыр 300 мың теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс.

"Ол сот отырысында жалғызбасты келіншекпен әмпай-жәмпай болғанын мойындады. Қандыағашқа әкім болғаннан кейін екеуі кездесіп жүріпті. Бірақ былтыр жаңа жылға бір апта қалғанда әкімдік кеңсесінде сөзге келіп қалған. Жәбірленушінің сөзінше, әкім оны мойнынан қылқындырып, бірнеше рет ұрған. Әйтсе де Қазбек Аққайыр мұндай қылыққа бармадым деп ат-тонын ала қашты",- делінген телеарна ақпаратында.

Дегенмен, істі қараған Мұғалжар аудандық соты келіншектің денсаулығына жеңіл жарақат келтіріп, теріс қылық танытқаны үшін әкімді кінәлі деп тапты. Сот шешімімен шенеунік 314 мың 560 теңге айыппұл және жәбірленушіге моральдық зиян ретінде 100 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Бұған дейін ШҚО-да былапыт сөздерді қарша жаудыртқан ауыл әкімі халықтан кешірім сұрағанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қайрат" пен "Астана" бапкерлері сөзге келді

Тоқаев кореялық компанияларды Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға шақырды