Астанада супермаркетте болған ұрлық бейнекамера көмегімен әшкереленді

Фото: Zakon.kz
Астана қаласы Сарыарқа аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері супермаркетте кассирдің ұялы телефонын ұрлап кеткен күдіктіні ұстады.

Оқиға сауда орнының касса бөлімінде болған. Белгісіз ер адам кассирдің үстелінде жатқан телефонын байқатпай алып, оқиға орнынан шығып кеткен.

Жәбірленуші дереу полицияға жүгінген. Жедел әрекет барысында сауда орнында орнатылған бейнебақылау камераларының жазбалары тексеріліп, күдіктінің әрекеті анықталды. Арнайы іздестіру жұмыстары нәтижесінде ол аз уақыт ішінде ұсталды.

Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда жеке мүлкіне мұқият болуға шақырады: – Телефон, әмиян, құжаттарды ашық жерде қалдырмау; – Бейтаныс адамдардың күмәнді әрекеттеріне назар аудару; – Қызметкерлерге жұмыс орнында мүліктерін қауіпсіз жерге қою ұсынылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды