Полицейлер Шахтинск тұрғынының қорасынан жасырын фитозертхананы тапты

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында полиция қызметкерлері есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан азаматты анықтады.

Тексеру барысында 39 жастағы ер адамның үйінің ауласындағы қорада қарасора өсіруге арналған жасырын фитозертхана ұйымдастырғаны белгілі болды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті көктем айларында кездейсоқ қарасора тұқымдарын тауып алып, интернет арқылы жылыжай жасау мен өсімдікті күтіп-баптау тәсілдерін меңгерген.

Кейін ол қора ішінде қажетті құрал-жабдықтарды орнатып, арнайы жарық пен суару жүйесін іске қосқан. Өз сөзінде ер адам өсімдікті тек жеке пайдалану мақсатында өсіргенін айтқан.

Полиция қызметкерлері жылыжайда болған барлық жабдықтар мен қарасора тұқымдарын тәркіледі. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі