Сотталғандарды босату туралы шешімді кәсіби судьялар емес, алқабилер шығарады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанда ҚК бірқатар баптары бойынша сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату тәртібін айтарлықтай өзгерту жоспарланып отыр. Енді мұндай шешімдерді қазіргідей кәсіби судьялар емес, алқабилер соты қабылдайтын болады. Тиісті түзетулер Мәжілісте қаралып жатыр.

Қылмыстық кодекстің 72-бабына сәйкес, жазаны өтеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға кесілген адам төмендегі шарттар орындалған жағдайда шартты түрде мерзімінен бұрын босатылады:

Мәселе күрделі.

"Подлежит" деген сөзге назар аударыңыз: яғни соттар заңның дәл талабын орындап, осы үш шарт толық орындалған жағдайда ШМБ-ға босатуға міндетті. Заң жобасын әзірлеушілер атап өткендей, шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру институттары елдегі "түрме халқын" едәуір азайтқан.

Алайда бұл тетіктердің бір үлкен кемшілігі бар — қоғам тарапынан сотталғандарды мерзімінен бұрын босатуға деген теріс көзқарас. Бұл мәселелер қоғамдық қатыссыз шешіледі: өтініштер сотқа тікелей түседі, қарау процесіне шектеулі адамдар ғана қатысады, ал қоғам бұл туралы ештеңе білмейді. Прокурор тек хабардар етіледі.

Осыған байланысты басқа тәсіл ұсынылды — азаматтардың ШМБ және жазаны жеңіл түріне ауыстыру (ЖӨБЖ) туралы өтініштерін қарау құқығын алқабилер сотына беру (Қылмыстық-процестік кодекстің 52, 476 және 478-баптарына түзетулер енгізіледі). Мұндай өтінішті сотталғанның өзі бере алады.

Бұл қадам шартты түрде босату институтын формалдылықтан арылтуға бағытталған. Себебі алқабилер, тіпті сырттай барлық шарттар орындалған күннің өзінде, егер адамның шын мәнінде түзелгеніне сенбесе, оны босатпауға құқылы болады.

Маңызды жайт: мұндай жағдайда алқабилер саны жалпы ережедегідей он емес, алты адамнан, сондай-ақ бір судьядан тұрады. Сонымен қатар, алқабилер сотының шешімі барлық баптар бойынша емес, тек кейбір қылмыстарға қатысты қабылданады.

Олардың ішінде:

"Қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы депутаттардың бастамасымен 2025 жылғы 15 қазанда Мәжіліске енгізілді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды