ҚМА: Қарағандыда криптовалюта пирамидасына қатысы бар екі адам ұсталды

Фото: unsplash
Қарағанды облысында криптовалютаға маманданған "Takorp" атты қаржы пирамидасына 100-ден астам қазақстандық инвестиция салған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) 2025 жылғы 23 қазандағы мәліметінше, күдіктілер инвестициялық жоба ретінде бүркемеленген ақша тарту сызбасын ұйымдастырған. Олар азаматтарға 30-50 мың АҚШ долларын салып, 100 пайыз табысқа кепілдік берген.


"Пирамида интернет-платформа арқылы жұмыс істеген және алты деңгейлі (VIP-1 – VIP-6) бонус жүйесіне негізделген. Төлемдер USDT криптовалютасында жүргізілген және салым көлемі мен реферальды сілтемелер арқылы тартылған қатысушылар санына байланысты болған. Заңды және сенімді әсер қалдыру мақсатында ұйымдастырушылар балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізген. Нәтижесінде "Takorp" пирамидасына 117 адам тартылған", – делінген ҚМА хабарламасында.

Сот санкциясымен 32 мың АҚШ долларына тең криптовалютаға тыйым салынған.

Екі күдіктіге қатысты елден кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Айта кетейік, бұған дейін, 15 қазанда, Қазақстанда қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату үшін пайдаланылған 130 заңсыз криптоайырбастау пункті жойылғаны хабарланған болатын. Тергеу нәтижесінде 16,7 миллион USDT көлеміндегі активтерге тыйым салынған.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды