Павлодар облысында есірткі және алкогольдік мас күйінде көлік жүргізген азамат ұсталды

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Оқиға Ақсу қаласындағы Бауыржан Момышұлы көшесінде өткен "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында тіркелді.

Полиция қызметкерлері күдік тудырған Opel Frontero автокөлігін тоқтатқан. Алайда жүргізуші тәртіп сақшыларының тоқтау туралы талабын елемей, оқиға орнынан қашып кетпек болған.

Тексеру кезінде жүргізушінің есірткі және алкогольдік мас күйінде екені анықталды. Ол дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, сараптама нәтижесінде мас күйінде көлік басқарғаны расталды.

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды.

Іс материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Бұл туралы Ақсу қалалық полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Айдар Сламбеков хабарлады.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Егер мас күйінде көлік жүргізіп жүрген немесе жүргізуге ниетті адамды байқасаңыз, дереу "102" нөміріне хабарлауыңызды сұраймыз.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы