Қызылордада полицейлер заңсыз аңшылықпен айналысқан азаматты ұстады

Фото: Zakon.kz
Қызылорда облысында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Арал ауданының 42 жастағы тұрғыны заңсыз аңшылықпен айналысқаны үшін ұсталды.

Іс-шара аясында Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері табиғатты қорғау бағытында бірқатар рейдтік жұмыстар жүргізген. Рейд кезінде тәртіп сақшылары ВАЗ-2121 автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында заңсыз аңшылық белгілерін анықтады.

Көлікті тексеру кезінде полицейлер бір аңшы мылтығын, тоғыз оқ-дәріні, сондай-ақ жүк салғыштан екі қапқа салынған 55 дана үйрек пен қасқалдаққа ұқсас құстарды тапқан. Барлық заттай дәлелдер тәркіленіп, іс материалдарына тіркелді.

Аталған дерек бойынша заңсыз аңшылық фактісі бойынша іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарды табиғатты аялауға, экологиялық заңнаманы сақтауға және заңсыз әрекеттерден бой тартуға шақырды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек