Әйелі тауықты бөлшектеп беруден бас тартқан соң, ер адам оны қатыгездікпен өлтірді

Фото: unsplash
Ресейдің Орал өңірінде тұрмыстық жанжал ауыр қылмыспен аяқталды. Ер адам әйелі тауықты сорпаға арнап бөлшектеуден бас тартқан соң, оны пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ural.kp.ru дерегінше, оқиға Екатеринбург маңындағы Березовский қаласында болған. 50 жастағы ер адам жұбайынан ас дайындау үшін тауықты бөлшектеуді өтінген. Әйелі оның өтінішін орындаудан бас тартқанда, ашуға булыққан ер адам пышақ алып, бірнеше соққы жасаған. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмған.

Қылмыстан кейін ол марқұмның денесін бөлшектемек болып, тек үстіңгі бөлігінің терісін сыпырып үлгерген. Кейін ойын тоқтатып, мәйітті сарайға жасырып қойған.

Бір апта бойы ер адам ештеңе болмағандай қалыпты өмірін жалғастырып жүрген. Ақыры ол полицияға өз еркімен келіп, қылмысын мойындаған.

Березовский қалалық полициясы күдіктінің кінәсін мойындағанын растады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды