"Қазақстандық Хатико": рақымшылыққа іліккен иесін күткен төбет көпшіліктің назарына ілікті

Сурет: gov.kz
ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жапондық Хатиконың оқиғасы тәріздес жайт Павлодарда да орын алғанын мәлімдеді. Жүректі елжіреткен ерекше оқиға жайлы толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Белгілі болғандай, ұрлық үшін сотталған азамат жазасын өтеп, рақымшылыққа ілігіп бостандыққа шықты. Ал №45 мекеме қақпасының алдында оны ең адал досы — Тайсон есімді ит күтіп тұр екен.

Павлодарлықтың айтуынша, дәл осы төрт аяқты досы туралы ойлар оған үміт сыйлап, өмірін қайта ой елегінен өткізуге көмектескен.

Сурет: gov.kz

"Тайсон — менің нағыз досым. Ол мені бәрібір күтті. Сол үшін мен өмірімде бәрін өзгертуді ұйғардым", — дейді ол.

Бұған дейін Маңғыстау облысында қамаудағы азаматқа телефон жеткізу әрекеті әшкереленгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі