Тоқаев Рыбакинаны "Барыс" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды

Сурет: instagram.com/wta
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны "Барыс" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Президент теннисшіні құттықтауында айтты.

"Дүбірлі додадағы жеңісіңізді, теннистің дамуына қосқан үлесіңізді және аталған спортты елімізде насихаттауға сіңірген еңбегіңізді ескере отырып, Сізді ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым", - деді Тоқаев.

Еске салайық, мұның алдында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турниріндегі жеңісімен құттықтағанын жазғанбыз.

Айта кетейік, теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA қорытынды турнирінің финалында жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы финалда Беларусь өкілі Арина Соболенканы екі сетте де тізе бүктірді. Шешуші кездесу 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.

Осылайша, Рыбакина әйелдер арасындағы жекелей сында WTA қорытынды турнирін жеңіп алған алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады