Каспий жағалауынан 70-тен аса өлі итбалық табылды

Сурет: Facebook/Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті
Каспий жағалауынан 70-тен аса өлі итбалық табылды. Экологтар оқиға орнында болып, тексеру үшін судан сынама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылы 9 қарашада Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті хабарлады:

"Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары 8 қарашада жергілікті балық инспекциясы басқармасы, сонымен қатар Гидробиология және экология институты мамандарымен бірлесіп, Құлалы аралының теңіз жағалауына экологиялық мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында 71 итбалық өлекселері анықталуына байланысты судан сынама алу жұмыстарын жүргізді".

Бұған дейін 2025 жылы 7 қарашада Балық шаруашылығы комитеті мәлімдеме жасап, Каспий теңізіндегі итбалықтар вирустық инфекциядан қырылып жатқанын нақтылаған.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді