Жамбыл облысында оқушылар фастфудтан жаппай уланды

Сурет: pixabay
Жамбыл облысында санитарлық мекеме оқушылар жеп, уланған бургердің құрамын тексеруде. Оқыс оқиға Байзақ ауданындағы Мырзатай елдімекенінде болған. Бесінші сынып оқушыларының сабақ үстінде кенеттен іштері бұрап, бастары ауыра бастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Мырзатай ауылында бірден 12 бала өзін жайсыз сезінген. Сөйтсе, үзіліс кезінде балалар мектепке жақын дүкеннен бургер мен сэндивич сатып алып жепті. Салдарынан балалар улану белгісі бойынша ауруханаға жатқызылған.

Қазір олардың жағдайы тұрақты. Ал мектеп маңында мерзімі өткен тамақ саудасына қатысты тексеріс басталды. Санитар мамандар тағамдардан сынама алынып зертханаға жіберілгенін айтады. Жаппай улану дерегіне қатысты қылмыстық іс ашылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Бүгінде балалар үйінде. Оқушылардан жарты сағат сайын мәлімет алып отырмыз. Балалар дін аман. Үш күннен кейін сабаққа шығады". Ерлан Сейдаханов, Байзақ ауданы білім бөлімінің басшы міндетін атқарушы

Бұған дейін Түркістанда тапсырыс беріп, алдыртқан фастфудтан 14 адам уланып қалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты