Әрекетке қабілетсіз қазақстандықтарды бұрын сотталған және психикалық ауытқуы бар адам қорғаншы еткен

Фото: akorda.kz
Ақмола облысының прокуратурасы жүргізген тексеріс барысында уәкілетті органдар әрекетке қабілетсіз азаматтарға қорғаншы ретінде сотталған немесе психикалық ауруы бар адамдарды тағайындағанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мысалы, екі әрекетке қабілетсіз азаматтың қорғаншысы ретінде бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған азамат тағайындалған.

Тағы бір жағдайда қорғаншы ретінде "шизофрения" диагнозы бар адам бекітілген.

Сонымен қатар, органдар қайтыс болған азаматтарды есептен шығару бойынша шара қолданбаған.

"Нәтижесінде 28 қайтыс болған адам есепте "әрекетке қабілетсіздер" санаты бойынша тіркеліп тұрған", – деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокуратураның араласуынан кейін соттылығы бар және психикалық ауытқуы бар тұлғалар қорғаншылық міндеттерінен шеттетілді, ал кінәлілер жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астанада ерекше балалардың ата-аналары WhatsApp-топтағы хабарландырудың құрбаны болғаны туралы хабарланған еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Конституцияны бұзатын әрекеттерге "Заң мен Тәртіп" қағидатына сәйкес тосқауыл қойылады

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Президент 24 қарашаға дейін жемқорлықты күрт азайту жөніндегі шараларды ұсынуды тапсырды

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Мемлекет басшысы: Қазақстанда үш жылда 3 мыңнан астам сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған