Қызылорда облысында автобус сынып, 30 шетелдік жолаушы жолда қалып кеткен

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қызылорда облысында 30 шетелдік жолаушысы бар автобус сынып, орта жолда қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 112 пультіне Қызылорда облысы Арал ауданы аумағындағы "Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент" тас жолының 73-шақырымында шетел азаматтары мінген автобус сынып қалғаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Автобустың ішінде 34 адам болған. Жолаушылар Ресей Федерациясынан Сарыағаш қаласына бет алған (Түркістан облысы).

"Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары шұғыл жетіп, барлық 34 адамды Арал қаласына жақын орналасқан жылыту пунктіне эвакуациялады", делінген ТЖМ хабарламасында.

Бұған дейін Жамбыл облысында жоғалып кеткен көліктегі үш жігіт аман-есен табылғанын жазғанбыз.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты