Мектептің бас есепшісі мұғалімдердің жалақысын ұлғайтып, 52 млн теңге жымқырған

Фото: Zakon.kz
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласының прокуратурасы 2022-2024 жылдар аралығында білім беру ұйымдарында бюджет қаражатының заңдылығын талдау барысында мемлекеттік бюджеттен қаржы ұрланғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысының прокуратурасы 2025 жылғы 2 желтоқсанда мәлімет берді:

"Орта мектептің бас есепшісі бірнеше мұғалімнің есепшоттарына жалақы ретінде шындыққа сай емес, артық сомаларды аударып отырған. Кейін аударылған артық қаражаттар мұғалімдердің жеке есепшотынан бас есепшінің жеке шотына қайта аударылған. Нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 52 млн теңге залал келтірілді".

Осы факті бойынша Байқоңыр қаласының прокуратурасы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігінің 2 тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеп-тексеру аяқталған соң іс сотқа жолданды.

"Сот үкімімен мектептің бас есепшісі кінәлі деп танылды және 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 74-бабына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларының болуы себебінен жазаның орындалуы 5 жылға кейінге қалдырылды", – делінген Қызылорда облысы прокуратурасының хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 26 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде бюджеттен 49 млн теңгені жымқыру схемасы анықталғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Министрліктер мен мемлекеттік органдардың МКК органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімі бекітілді