ШҚО-да психотроптық заттарды сатумен айналысқан азамат ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
ШҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері кинологиялық қызмет орталығымен бірлесіп, тыйым салынған интернет-дүкенінің қойма-ораушысы ретінде жұмыс істеген, өзге облыстан келген 26 жастағы азаматты ұстаған.

Жедел жүргізілген тінту барысында оның пәтерінен 132,52 грамм α-PVP және 286,48 грамм мефедрон, жалпы салмағы 419 грамм болатын психотроптық заттар тәркіленді.

Сондай-ақ электрондық таразылар, көптеген зип-пакеттер және изолента орамасы табылып, айғақ зат ретінде алынды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция психотроптық заттарды заңсыз сақтау, тарату немесе дайындаумен айналысқан адамдардың заңмен қатаң жазаланатыны туралы ескертеді.

Күдік тудыратын кез келген әрекеттер туралы тез арада полицияға хабарлауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды