Ақтөбеде алты жасар қызды жаяу жүргінші өткелінде көлік қағып кетті

Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде жаяу жүргінші өткелінде анасынан сытылып шығып, жүгіре жөнелген 6 жасар қызды көлік қағып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.TV мәліметінше, оқиға сәті видеотіркегішке түсіп, бірден әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Видеода әйел мен кішкентай қыз жолды жаяу жүргіншілер жолағымен кесіп өтіп бара жатады. Кенеттен қыз алға жүгіріп шығып, тоқтап үлгермеген автокөліктің астына түседі.

Дәрігерлердің айтуынша, бүлдіршін ауыр жарақат алмаған. Тек денесінде көгерулер мен сызаттар пайда болған. Ал жүргізушіге жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала түрлі дене жарақаттарын алып, қажетті көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері тексеріс жүргізіп, барлық мән-жайды анықтап жатыр", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы маңында жол апаты болып, 4 адамның қайтыс болғанын жазғанбыз.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады