Туроператор Алматының бірнеше тұрғынын сан соқтырып кеткен

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Шетелге бармақ болған Алматының ондаған тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтар жиі баратын танымал елдердің қатарында Біріккен Араб Әмірліктері, Тайланд пен Вьетнам бар. Алматылық тұрғындар да дәл осы бағытты таңдап, еңбек демалысында жағажай маңайында фотосуретке түсіп, аяғын жылы суға салып отырудың орнына, туроператордың сан мәрте айтқан уәдесіне әбден тойған. Берілген қаражатты толық қайтарамын деген азамат сертінде де тұрмапты. Бірақ алданғандардың көбі бұрын шетелге алаңсыз барып келетін едік деп отыр.

Аlmaty TV тілшілері мән-жайды анықтамақ болып "Туристік Қамқор" қорына жүгінген. Ұйым өкілдері туроператордың жүйеде жоқ екенін анықтады.

Өз кезегінде, Полиция департаменті аталмыш жайтқа қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғапты.

"Әуезов аудандық полиция басқармасына азаматтардан ұжымдық шағым келіп түскен болатын. Олар туристік оператордың қолынан зардап шектік деп айтуда. Қазіргі таңда барлық тергеу амалы жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 190-бабының нормалары, яғни алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұған дейін Қазақстанда тауық жұмыртқасын уақытша әкелуге тыйым салынғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Жаңа оқу жылында қазақстандық оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды