Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы мемлекеттік лицензиясынан айырылды

Фото: Zakon.kz
Шымкентте кейбір жеке сот орындаушылар мемлекеттік лицензиясынан айырылды. Бұл туралы 2025 жылғы 15 желтоқсанда қалалық прокуратура хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүйсенбі күні таратылған ресми хабарламада келесі мәселелер айтылған:

Шымкент қаласының прокуратурасы тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушыларының (бұдан әрі – ЖСО) борышкерлердің Қазақстан Республикасынан шығуына бұрын қойылған шектеулерді заңсыз алып тастау және атқарушылық іс жүргізуді заңсыз қозғау фактілерін (ЖСО еңбек демалысында болған кездерінде, олардың көмекшілері атқарушылық іс жүргізуді қозғаған) анықтаған.

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің атына заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізген.

Ұсынуды қарау нәтижесінде 85 ЖСО тәртіптік жауаптылыққа тартылып, сонымен қатар жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына берілген мемлекеттік лицензиясынан (бұдан әрі – лицензия) айыру туралы сотқа талап қою енгізілді.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің талап қоюы қанағаттандырылып 12 ЖСО лицензиядан айырылды (сот актісі күшіне енді).

Прокуратура органдары атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды тұрақты негізде жүзеге асырады және бұзушылық фактілері анықталған жағдайда оларды жою және кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті