Қонаев қаласында қатты жел салдарынан төтенше жағдай жарияланады

Сурет: Қонаев қаласының әкімдігі
Алматы облысы Қонаев қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы қала әкімі аппаратының шешімі дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта қатты желдің салдарынан Қонаев қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің шатырлары ұшып кеткені айтылып, осыған байланысты жергілікті деңгейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланатыны көрсетілген.

Төтенше жағдай режимін енгізу қала билігіне мынадай жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді:

Аталған құжат 16 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық нормативтік құқықтық актілер" интернет-ресурсында орналастырылған.

Белгілі болғандай, 11-інен 12 желтоқсанға қараған түні желдің жылдамдығы секундына 23–25 метрге дейін жетіп, қала аумағында 30-дан астам апаттық жағдай тіркелген. Қатты желдің салдарынан электр қуаты өшіп, шатырлар ұшып, ағаштар құлаған, инженерлік желілер зақымдалып, жылумен қамту жүйесінде іркілістер болған. Сонымен қатар жеке тұрғын үйде өрт шығып, саяжай алқаптарында түрлі апаттар орын алған.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Астана әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды