Шымкентте полиция күдіктілерден "синтетиканың" ірі партиясын тәркіледі

Фото: pexels
Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы бағытталған ауқымды іс-шараларды жүйелі түрде жалғастыруда.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері Алматыдан Шымкентке синтетикалық есірткінің ірі партиясын жөнелтуді ұйымдастырған тұлғалардың заңсыз әрекетін әшкереледі.

Тергеу барысында күдіктілер психотроптық заттарды сорғы жабдығының ішіне жасырып, сәлемдеме ретінде қалааралық такси арқылы жібергені анықталды.

Аталған бағыт полициямен анықталып, тексеру кезінде техника ішінен жалпы салмағы 2 келіні құрайтын синтетикалық есірткі салынған төрт пакет тәркіленді.

Сонымен қатар ұсталғандардың бірінің тұрғылықты мекенжайынан байланыссыз тәсілмен өткізуге арналған синтетикалық есірткі салынған 62 орама табылып, тәркіленді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда осы дерек бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді