Аяз бен қар: қазақстандықтарға қолайсыз ауа райы жайлы ескертілді

Фото: pexels
Синоптиктер алдағы үш күнге – 2025 жылғы 23, 24 және 25 желтоқсанға – Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдағы күндерге еліміз бойынша қалың қар мен боран, оған қоса көктайғақ күтілуде.

"Алдағы бірнеше күнде Қазақстан аумағындағы ауа райын батыстан шығысқа қарай жылдам ығысатын циклон қалыптастырады. Ол өзімен бірге қар, бұрқасын, желдің күшеюін, ал батыс өңірлерде көктайғақ құбылыстарын алып келеді. Алайда 25 желтоқсанда циклонның орнын суық ауа массасының басып кіруі алмастырады. Соның салдарынан түнгі уақытта елдің батысында ауа температурасы 20–25 градус аязға, ал солтүстігінде 23–28 градус аязға дейін төмендейді",- делінген "Қазгидромет" ақпаратында.

Тек республиканың оңтүстігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады.

"Күндізгі уақытта ауа температурасы 2–7 градус жылуға дейін көтеріледі".

Бұған дейін Алматыда жер сілкінгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

"Әділет" партиясы AMANAT құрамына қосылады: партия съезі бірауыздан қолдады

Қытайдағы әлем кубогы кезеңі: қазақстандық боксшылар турнирді кімдерге қарсы бастайды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды