Алматыда "Шығыс қақпасы" полиорталығын дамыту және халықаралық деңгейдегі стадион салу жоспарланып отыр

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Түрксіб ауданының сәулетшісі Алмас Манияров қаланың Бас жоспарына енгізіліп жатқан өзгерістер аясында ауданды дамытудың негізгі жобалары туралы айтты.

Оның айтуынша, Түрксіб ауданында іскерлік, әлеуметтік және демалыс қызметтерін біріктіретін жаңа "Шығыс қақпасы" полиорталығын құру көзделген. Бұл полиорталық мегаполистің өсу нүктелерінің біріне айналмақ. Сонымен қатар, ауданда халықаралық деңгейдегі спорт стадионын салу жоспарланып отыр.

"Ауданымызда "Шығыс қақпасы" полиорталығын дамыту қарастырылған. Бұдан бөлек, халықаралық деңгейдегі стадион салу жоспарланып отыр. Оның маңында әлеуметтік, мәдени және демалыс нысандары, сондай-ақ заманауи тұрғын үй кешендері бой көтереді. Сәулеттік стиль қатаң сақталып, тұрғын үйлер жоғары стандарттарға сай болады", — деді Алмас Манияров.

Сондай-ақ, ол жоба аясында Сейфуллин көшесінен бастап теміржол вокзалына дейінгі аумақта ескі тұрғын үйлерді жаңарту, мектептер, балабақшалар мен емханалар салу, сондай-ақ көше-жол желісін дамыту көзделгенін мәлімдеді. Атап айтқанда, Хмельницкий көшесін Құлжа тас жолына дейін ұзарту жоспарланған. Рысқұлов даңғылынан әуежай маңындағы көлге дейінгі аумақты көріктендіріп, серуендеу аймағы мен қоғамдық кеңістік құру да жоспарға енген.

Алмас Манияровтың айтуынша, Бас жоспарды түзету қала үшін маңызды. Бұл Алматының орталық бөлігін ғана емес, төменгі аумақтарын да бірдей дамытуға, мегаполистің барлық бөлігінде өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды