Іле-Алатау табиғи паркіне апарар тас жол бойынан 66 жастағы ер адамның денесі табылды

Сурет: Zakon.kz
28 желтоқсанға қараған түні Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне апарар тас жол бойынан 66 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлерден келіп түскен телефон қоңырауынан кейін оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел аттанды. Олар ер адамның өлімін, оқиға орнында көлік ізі барын растады.

Сондай-ақ, оқиға орнында болған тергеуші мен криминалист ізін суытқан көліктің солтүстік бағыттан келгенін анықтады. Демек, көлік таудан төмен қарай ылдилап, Алматыға қарай бет алған.

Сурет: Zakon.kz

Сондай-ақ, оқиға орнынан көк түсті бояудағы сынықтар табылды. Олар жол бойында шашылып жатқан жерінен теріліп алынды.

Сурет: Zakon.kz

Қазір іздестіру бөлімінің қызметкерлері жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көк түсті көлікті іздеумен айналысуда.

Ер адамның жанында құжаттары жоқ. Бірақ біраз уақыттан кейін полиция қызметкерлері марқұмның жеке басын анықтады.

Сурет: Zakon.kz

Енді аталған жол апатына қатысты барлық жағдайларды анықтаумен Алматы қаласы бойынша анықтаушылар мен криминалистер айналысатын болады.

Бірнеше күн бұрын Алматыдағы жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 17 жасар қызды көлік қағып кеткен болатын.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды