СҚО-да полицейлер 6 мыңға жуық қауіпті пиротехниканы тәркіледі

Фото: Zakon.kz
20 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан облысында "Пиротехника" жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі өтуде.

Өңір бойынша полиция қызметкерлері төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп құрылған 14 мобильді топтың құрамында базарлар мен отшашулар сатылатын сауда орындарын тексеруде.

Тәртіп сақшылары заңсыз сатылатын пиротехникалық бұйымдардың қауіпті екенін ескертеді. Яғни олардың сапасына ешкім кепілдік бермейді, сақтау талаптары сақталмауы мүмкін, ал бұл өз кезегінде адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

5 желтоқсанда басталған іс-шараның алғашқы кезеңінен бері полиция пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату бойынша 31 фактіні анықтады, оның 15-і Петропавлда тіркелген.

Заңсыз айналымнан барлығы 5 789 пиротехника тәркіленді.

Сондай-ақ полиция тұрғындарды пиротехникалық бұйымдардың балалардың қолына түсуіне жол бермеуге шақырады. Пиротехниканы қолдану кезінде нұсқаулық талаптарын қатаң сақтап, қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз орындау қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді