Қарағанды облысында қыстақтан шығып, қарлы боранда адасып кеткен екі адам аман-есен табылды

Сурет: pixabay
ТЖМ құтқарушылары Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Кеншоқын ауылдық округіндегі Сасықбұлақ қыстағынан таңертең Ақсу-Аюлы ауылы бағытына қарай жаяу шығып, адасып кеткен екі адамды тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, 1987 және 1990 жылғы екі адам жолдан адасып қалған.

"Іздеу жұмыстарына жедел түрде ТЖМ құтқарушылары жұмылдырылды. Арнайы техника, ұшқышсыз ұшу аппараты және биллинг деректері қолданылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде адасып қалған азаматтар Сасықбұлақ қыстағынан шығысқа қарай 6 шақырым қашықтықта табылып, Ақсу-Аюлы ауылы жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

ТЖМ құтқарушыларының үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды.

Бұған дейін Астанада бұзылған жеделсаты ішінде қалып кеткен 11 адам құтқарылғаны хабарланған болатын.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Жыл басынан бері елімізде 18 заңсыз ойынхана табылып, 27 қылмыстық іс қозғалды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Найзағай, бұршақ, аптап ыстық". Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Ақерке". Димаш жаңа әні шыққанын айтып, жанкүйерлерін елеңдетіп қойды